Accessibility links

Ауғанстанның оңтүстігнде Талибаннан қалған күдікті деген 12 жауынгер қолға түскен.


Хабарларға қарағанда, елдің оңтүстігінде АҚШ-тың қолдауымен Ауған жасақтарының күдіктелген Талибан қалдықтарына жасаған шабуылынан ең кемінде талибанның бес жауынгері өлтірілген. Осы аптада күдікті делінген талибан жауынгерлерінен екі ауған солдаты қаза тапқан соң, бұл шабуылдарды Америка жасақтарының көмегімен 500 -дей ауған әскері бастап, жүргізген болатын. Фран пресс агенттігінің хабарлауынша, үш қолбасшымен қоса, талибанның 12 жауынгері қолға түскен. Ауғанстан президенті Хамид Қарзай талибан қалдығынан құралған топтардан оншалықты көп қауіп-қатер келеді деп ойламайтындығын айтқан. Ол BBC телекомпаниясынa берген интервьюінде Ауғанстан мен Пәкістан үшін қазіргі таңда ең маңызды нәрсе ол – террорға қарсы бірлесіп күресу деп атап өткен.
XS
SM
MD
LG