Accessibility links

Орта Азия мен Кавказдағы сәбилердің шетінеуі халықарарлық ұйымдарды алаңдатуда


Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қорының баяндамасына қарағанда Кавказ мен Орта Азияның 10 елінде сәбилердің шетінеуі бұл елдер берген ақпаратта көрсетілген деректерден әлдеқайда артық көрінеді.

Бұл құбылысты жергілікті дәрігерлер "сәбилерді құтқарудағы дағдарыс" деп суреттеп отыр.

Вашингтоннан радиомыздың тілшісі Джули Мофеттің хабарлауынша Біріккен Ұлтар Ұйымының балалар қоры ЮНИСЕФ таратқан мәлімет бойынша Орта Азия мен Кавказ аймағында сәбилердің шетінеуі жергілікті өкімет берген ресми деректерден әлдеқайда жоғары.ЮНИСЕФ тексерген елдер- Армения, Әзірбайжан, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Румыния, Тәжікістан, Түркменстан, Украина және Өзбекстан.ЮНИСЕФ өкілі Роберт Коэннің айтуынша бұл ұйым аталмыш елдерде бірнеше мың әйелмен интервью өткізу арқылы жоғарыда айтылған көңілсіз қорытындыға келген:

"Бұл сәбилерді аман алып қалудағы дағдарыс.Белгілі болғанындай балалардың дені сәби кезінде шетінейді.Орта Азия мен Кавказдағы сәбилердің өлімі батыстың индустриялы елдеріндегі бала өлімінен шамамен 12 есе жоғары."

Мысалға жүгінер болсақ, Румыния мен Өзбекстанның сәбилер өлімі жөнінен берген ресми дерегімен ЮНИСЕФ дерегінің арасында 50 пайыздай алшақтық бар.Тәжікістан, Түркменстан, Грузия берген ресми деректермен ақиқат арасында да үлкен алшақтықтар жатыр.Әзірбайжан берген ресми деректердің де шындықтан ауылы алыс.Мысалы бұл ел әрбір туылған 1000 сәбидің 17-сі шетінейді деп дерек берді.ЮНИСЕФ болса Әзірбайжанда әрбір туылған 1000 сәбидің 74 –і шетінейді деп отыр.

Бұл көрсеткіштер дабыл қағуға лайық дейді ЮНИСЕФ өкілі Коэн:

"Бұл өте жоғары көрсеткіш.Бұл Латын Америкасындағы көрсеткіштен де жоғары.Солтүстік Африкадан да жоғары.Демек бұл үлкен проблема.Ресми деректер бойынша бұл аймақта жылына 60 мың сәби бір жасқа толмай шетінеп кетеді екен.Ал, ресми емес көрсеткіштер одан да жоғары."

Бұрынғы советтік кеңістікте көптеген ауруханалар сәбилердің шетінеуін толық тіркеп жоғарыға нақты ақпарат беруден қорқады, әкімшілік жазадан қорқып шындықты жасырады дейді Коэн.Содан ресми деректер бір басқа да, бейресми деректер бір басқа болып шығады.Коэн бугінде ЮНИСЕФ ұйымы әлем елдерін сәбилердің тууын қадағалауда Дүниежүзілік денсаулық ұйымының талаптарын орындауға шақырып отыр дейді.Оның айтуынша егер сәби туғанда оның бойында өмір нышаны болса онда ол тірі туді деп есептелінуі керек.

"Бұл дәл кәзір тауқымет болудан қалды.Бірақ іс жүзінде совет дәуірінен қалған анықтағышты қолданар болсақ, онда ол көптеген сәбиді өмірге келмей жатып өлген деп табуы мүмкін.Іс жүзінде ондай балалар тірі туып жатады."

Үкіметтердің сәби шетінеуі туралы толық ақпарат бермеуі қауіпті құбылыс дейді ЮНИСЕФ өкілі.Сондықтан 2002 жылдың қараша айында Кавказ бен Орта Азия елдерінің денсаулық сақтау министрлері осы ұйым аясында бас қосып өз елдеріндегі бала тууы мен сақтау жолдары туралы пікір алмасты.

"Алға жылжу да жоқ емес.Кейбір елдер осынау жаңа тәсілді қабылдай бастады.Кейбіреулері жолға қоя бастады"
XS
SM
MD
LG