Accessibility links

«Ауыл мәслихаттарын сайласақ, ауылда әділдік болады»


Бүкілхалықтық талқыға түскен «Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қоғам тарапынан әртүрлі пікірлер туғызуда.

1995 жылы қабылданған осы заңға бірнеше рет өзгерістер енгізілгені де мәлім. Ендігі енгізілетін өзгерістер сайлау заңдылығын қаншалықты жақсартады.

Сайлау туралы конституциялық заңға ұсынылған өзгерістерге пікір айтушылардың бірі Оңтүстік Қазақстан облысының, Қазығұрт ауданы, Рабат ауылының тұрғыны, зейнеткер Балабек Есбайұлы, өзінің аталған заңға көңілі толмайтынын айтады. Себебі, құжаттың кейбір жерлері жариялылық сипатқа ие емес, - дейді.

Заңның 27-інші бабында сайлау алдындағы үгіт насихат жұмыстарын жүргізгенде,айтылмаған, ал біреулер спорт ойындарын ұйымдастырады. Сөйтіп, ұйымдастырып, сол кезде ақша да таратады. Жастардың бәрін үйіріп алады. Мен мұны өткен сайлауда көрдім. Бұл дұрыс емес. Ешқандай әділдікке жатпайды. Сондықтан мен осы спорт ойындарына да тиым салу керек деп өз ойымды қосып жазып отырмын.

Депутаттықтан үміткер кандидаттың сайлауға түсуден қанша уақыт қалғанда бас тарта алады. Бұл орайда жобада көзделген өзгеріске зейнеткер Балабек Есбайұлы өз пікірін былай қосты:

Заңда сайлау науқаны басталғанға дейін 7 күн қалғанда кандидатурасын алып тастайды делінген. Қазіргі жобада 7 күнді мүлдем алып тастау керек дейді. Қай уақытта алама десе өз еркі дегендей қылады. Ондай болмауы керек. Сайлау науқаны басталғанға дейін ала ма, алсын, шешсін. Екі күн қалғанда белгілі, сосын шарасыздықтан алады бір күн қалғанда.

Балабек Есбайұлы ауылға демократияның енуі үшін ауыл мәслихатын сайлау керек деп есептейді.

Жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жобасының парламентте жатқанына үш жыл болды. Себебі оған көп қаржы керек. Жергілікті өзін-өзі басқару дегенде, ауыл әкімдерімен қатар бұл да бір өкімет билігі болайын деп тұр.

Нағыз демократияда халықтың өздері сеніп сайлаған кандидат ауылдың мәслихат депутаты болуы керек. Ауыл әкімінің жанында халықтың оң көзі болатын сенімді өкілдерін сайлау керек. Жетімен он бір адамның есебінде.

Осы сайлау туралы заңда осы мәселе бекуі керек. Бұл кемістік.

Ауыл әкімінің жұмысын қадағалайтын, қаржыны қалай жұмсап жатыр. Соның барлығын ауыл мәслихаты шешуі керек. Әкім мәслихаттың шешімі бойынша іс-әрекет етуі керек. Әйтпесе,әкім өз білгенінше істеп кетеді. Ол кезде демократия болмайды.

Енді ауыл әкімін халық сайлауы керек. Жалпы дауыспенен кім көп дауыс алса, үш кандидат немесе біреу бола ма кім көп дауыс алса, сол әкім болып сайлануы керек. Мәслихаттар да солай,ауыл өкілдерінің жиналысында кандидттар ұсынылуы керек. Көп дауыс алғаны ауыл мәслихатының депутаты болып сайлануы керек.

Олар мемлекеттен ешқандай айлық алмайды мемлекеттен, келісім бойынша жұмыс істейді. Ауыл мәслихатының бір бөлмесі болуы керек. Іс-қағаз жүргізуіне үстелі болуы қажет. Сол бөлме мен қағаздардың шығыны ауыл әкімінің бюджетінен төленуі керек. Басқа ешқандай шығын болмауы керек.

Сондықтанда жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңның қажеті жоқ. Қайта осы жергілікті әкімдері сайлауды және ауыл мәслихаттары депутаттарын сайлауды енгізуіміз керек. Соныменен ауылда нағыз демократия орнайды.

Балабек Есбайұлы, осындай жағдайда әділдік болады деген пікірде. Оның айтуынша, әрбір ауылдағы, әрбір көшедегі адамның жағдайын сол ауылдың депуттары жеткізіп отырады.

Тікелей халықтың оң көзі ауыл мәслихаттары. Осылар сайланса ғана ауылда әділдік болады. Ауылдың еңсесі тезірек көтеріледі. Өйткені, Президент ауылға жылына 55-60 миллиард теңге бөліп қаржыландырып отыр.

Жергілікті жерде басқару жүйесін демократияландырып, жариялылық жолында жасасақ, халықтың өз өкілдігіне берсек, сонда тез оңалады. Ауыл еңсесінің көтерілуіне мүмкіндік ашылады.

Ауыл мәслихаты болған күнде оның аудан, облыс мәслихатымен қарым-қатынасы қалай реттелуі мүмкін деген сұрағанымызда, Балабек Есбайұлы, былай деп жауап берді:

Ауыл әкімі ауыл тұрғындарының жалпы жиналасында сайланады делік, енді ауыл әкімі егерде көңілден шықпай қалса, жалпы тұрғындар жиналысын депутаттардың көтеруімен ауыл мәслихаты шақырады. Мәслихат тұрғындар жиналасын шақырып, әкімді қайта сайлауы мүмкін. Тағы бір жағдай ауыл әкімі аудан әкіміне ұнамаған жағдайда аудан әкімі ауыл мәслихатына ұсыныс береді оның кемшіліктерін айтып. Оны мәслихат қарап, аудан әкімінің ұсынысын дұрыс деп шешсе, онда жалпы жиналыс шақырып, әкім қайта сайланады. Бұған ешқандай қаражаттың керегі жоқ.

Зейнеткер Балабек Есбайұлы, ең басты орган тұрғындар жиналысы болады дейді.

Ауыл мәслихаты депутаты болған күнде ол адам еңбекақы алмаса тегін жұмыс жасай ма, бірақ Балабек Есбайұлы, халық арасында мұндай адамдар бар деп есептейді.

Халыққа жаны ашитын адамдарды сайлайды өздері. Мысалы, менің көтеретінім елдің, ауылдың мәселесі. Маған ешкім қаржы беріп жатқан жоқ. Елімнің ертерек жақсаруына шырылдап жүрмін.

Зейнеткер Балабек Есбайұлы, сайлау туралы заңға қосар осы пікірлерін күзде Парламент депутаттарына тапсырмақ.
XS
SM
MD
LG