Accessibility links

Ал-Қаидалық топтан бір жоғары дәрежелі басшының даусы делінген бейне таспада "Егер сот нәтижесінде Кубадағы түрмеде жатқан тұтқындардың қайсы бірін өлтіретін болса, онда АҚШ ол үшін тиісті жазасын алады" депті.


Бұл таспаны Ал Арабия теледидары жексенбі күні әуеге таратып, ол дауыс Ал-Қаидалық екінші қолбасшы Айман Ал-Зауаридікі деп хабарлаған.

"Әлемдегі барлық мұсылман ағайындар. Аллаға шүкіршілік етіп, сіздерге тыныштық тілейміз. Америка Кубадағы Гуантанамо аралындағы мұсылман тұтқындары үстінен сот ісін бастамақ. Ол тұтқындар әскери трибуналда жауап беріп, нәтижесінде өлімге кесілмек. Мен Жаратқан Алла алдында ант етемін, егер біздің ол мұсылман туыстарымызға бірер залал келетін болса, онда Америка тиісті жазасын алатын болады. Сонымен қатар, бұл жағдайда Америка өзін қорғап қала алмайтындығын Американы жақтайтын мемлекеттердің біліп қойғаны жөн”, - делінген ол таспада. Ал Арабия теледидары ол таспаның қашан, қалай, кімнен келгені жөнінде айтпайды. Сондай-ақ, әзірше, ол таспадағы дауыстың шын иесі Айман Ал-Зауаридікі екендігі де анықталмаған. Жексенбі күні АҚШтық бас прокурор теледидардан, Ал -Қаидалықтар жаңа соққылар беруі ықтимал, деп ескерткен.

Ал АҚШ теледидарын шыққан Ливия басшысы Муаммар Қаддафи, терроршылыққа қарсы АҚШ бастаған соғыс Ал- Қайдалық әрекеттің күшейуіне себебепші болуда, деген. Муаммар Қаддафи ЕйБиСи теле арнасының "Осы аптада" деген бағдарламасында, Ауғанстан мен Ирақтағы соғыстарды Исламға қарсы соғыс және Американдық үстемдік билік әрекеті деп бағалаған.
XS
SM
MD
LG