Accessibility links

АҚШ мемлекеттік хатшысы Колин Пауелдің айтуынша, АҚШ Солтүстік Корея үкіметін тізе бүктірмек емес.


АҚШ мемлекеттік хатшысы Колин Пауел жексенбі күні, Вашингтон ядролық қарулар бағдарламасы бойынша, Солтүстік Кореямен текетіресті дипломатиялық жолдармен шешуге мүдделі, деген. Колин Пауел, бұл жөнінде, Солтүстік Корея, алты ел ресми өкілдерінің қатысуымен өтетін келіссөздерде, АҚШ-тан мемлекеттік хатшысы орынбасары Джон Болтонның келуіне қарсы екендігін білдіргеннен соң айтқан. Пхеньян жексенбі күні АҚШ, Ресей, Қытай, Жапония және Оңтүстік Кореялық ресми топтарды қабылдаймыз, бірақ АҚШ тобын Болтон басқарса сөйлеспейміз, деген. Оған себеп, Джон Болтон өткен аптада Солтүстік Корея жетекшісі Ким Джоң Ильді "тиран басшы" деп, бұл елдегі адам құқықтары және қару-жарақ экспорты жағдайын сынаған болатын. Болтон сондай-ақ, Солтүстік Кореяда адамдар сұмдық қиын жағдайда өмір сүруде, деген екен.
XS
SM
MD
LG