Accessibility links

Пәкістаның Солтүстігіндегі Гилгит қаласындағы жарылыс пен өрттен кемінде 52 адам кетсе, көбі әйел бала-шаға.


150 ден аса кісі жарақат алып, 13 адам жоғалғандар қатарында. Жергілікті билік орындарының хабарлауынша, жарылыс өткен түні жол жұмыстарында пайдаланатын жарылғыш заттар қоймасында шығып, осыдан пайда болған өрт жапсарлас үй-жәйларға тез шарпыған. Өртті сөндірмек болған адамдар қоймада динамиттің барынан бейхабар болған. Ресми орындардың алаңдауынша, адам шығыны бұданда көп болуы мүмкін, әзірше жергілікті тұрғындардың нақты санын анықтау мүмкін болмай отыр. Жарылыс электр желілерінің айқас тұйықталуынан шығуы мүмкін.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG