Accessibility links

Шешен елінің Ескі Атағи ауылында екі сақшы мерт болып, бірі ауыр жараланған.


Ішкі Істер министірлігінің хабарлауынша, бүгін сақшы күзетіне шешен жауынгерлері тосынан шабуыл жасап, гранатометтен атқылаған. Өткен түні Шешенстаның Гудермес ауданының Комсомольское ауылында қауіпсіздік сақтау қызметінің сардары өлтірілді. Оның үйіне қарулы адамдар келіп кіріп атып кеткен. Итум Қала ауданының Қонжуқой ауылында ресейлік әскери Ми-24 тік ұшағы құлады. Ешкім запа шекпеді. Апаттың шығу себептері тексерілуде

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG