Accessibility links

Эпидемиологиялық ахуал тұрақтана түсті


Жұқпалы ауруларға қарсы алдын алу шараларын жүзеге асыру нәтижесінде Алматы аумағында эпидемиологиялық ахуал тұрақтана түсті.

2003 жылдың бірінші жартысында вирусты гепатиттің А,В,С түріне, құрт ауруы, мерез, іш сүзегі тәрізді жұқпалы дерттерге шалдығу көрсеткішін азайтуға жағдай жасалды. Бұл туралы дүйсенбі күні Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметінен хабарланды.

Алматы қалалық санэпидемстансаның мәліметіне сәйкес, іш ауруы, жұқпалы паротит, қызылша, қотыр, ВИЧ жұқтыру көріністері арта түскен. Алғашқы жарты жылдықта безгек-малярия дертін сырттан жұқтырып келуге байланысты үш оқиға тіркелген.

Жұқпалы паротит дертінің алдын алу, эпидемияға жол бермеуге дер кезінде шара қолдану мақсатына Алматы қалалық бюджетінен 1 миллион 600 мың теңге бөлініп, 20 мың вакцина дозасы сатып алынды.
XS
SM
MD
LG