Accessibility links

Бүгін Бейжинде жабық есік жағдайында Қытай ғалымы Ян Цзяң Лидің үстінен сот ісі басталды, оған Тайван мүддесі үшін жансыздық жасады деген айып тағылуда.


Қытайға өзге адамның төл құжаттымен кірген ғалым өткен жылдың 4 айында қамауға алынды. Тұтқындалмас алдын ол, Қытайдағы саяси өзгерістерді көксейтін демократиялық бағыттағы қозғалыстың мүшелерімен және жұмыстан қуылған бірнеше жұмысшымен кездесіп үлгерді. Ян Цзяң Ли Қытайға Бостоннан келді, АҚШ-та ол Қытайда демократиялық реформаларды қолдау қорын құрып еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG