Accessibility links

Украина Қазақстаннан бидай сатып алмақ.


Өз жеріндегі биылғы нашар өнімге орай, Украина Қазақстаннан 1млн. 200 мың тонна бидай сатып алуға келісті. Ол үшін Астанаға арнайы келген Украина бас министрі Виктор Янукович, үкіметаралық келісіммен Қазақстаннан, 800 мың тонна, ал жекеше келісімдермен тағы да 400 мың тонна бидай сатып аламыз деген. Украина, өткен аптада, Ресейден де 1млн. 200 мың тонна бидай алуға келіскен болатын. Өткен қахарлы қыс пен қазіргі жазғы қуаңшылық кесірінен Украинада астық өнімі биыл нашар болған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG