Accessibility links

Ирактықтар мен америкалықтардың әріптестігі

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Ирак азаматтары шын мәнінде америкалық күштермен әріптестік орнатуға тырысуда ма? Сондай-ақ Саддам Хусейнді және жаппай қырып-жоятын қаруларды табу жөнінде пікірлер қандай?

Міне осы мәселелер төңірегінде Азаттық радиосының тілшісі зерттеулер жүргізген болатын.

Ирактың бұрынғы басшысы Саддам Хусейннің билігі тұсындағы жаппай қырып-жоятын қаруларды табу жөнінде АҚШ ел басы Джордж Буш әкімшілігі қаптаған сауалдар астында қалды. Ол қарулар неге табылмай жатыр?-деген сұрақ көлденеңдей береді.


Тіпті Британия құпия қызметінің мәліметтеріне сүйене отырып, қаңтар айындағы сөзінде Буш мырзаның “Ирак Африкадан уран сатып алуға тырысқан болатын”-, деген тұжырымдамасы талай пікірталастарға себеп болуда. Ал, Ирактың бұрынғы басшысы Саддам Хусейнді ұстау жөніндегі мәселеде АҚШ ел басы тек үнсіз оптимизм көрсетуде.

Шілденің 30-ы күні Ирактың Мосул қаласында Ұдай және Құсай Хусейндер өлтірілгеннен кейін, арада бір аптадай уақыт өткен кезде Буш мырзаға Саддам Хусейннің өзін ұстау жөніндегі жоспар жайлы сауал тасталған еді. Әдетте Құрама Штаттарының жүргізіп отырған шаралары жөнінде аса сенімділікпен сөз сөйлейтін Буш мырза, бұл жолы: Саддам Хусейнді ұстаудың қаншалықты жақын қалғанын мен білмеймін. Шамалауымша, кешегімен салыстырғанда жақындай түскен сияқтымыз. Менің бар білетінім, біз іздеудеміз-, деген болатын.

Дей тұрғанмен ирактықтардың америкалықтармен көбірек әріптестік орната бастағаны жөнінде хабарлар келіп түсуде-, дейді Азаттық радиосының Вашингтондағы тілшісі Андрю Тюлли. Мысалы, Саддамның балалары жасырынған жерге америкалықтарды алып барған, белгісіз боп қалуды қалаған жергілікті азамат сол қызметі үшін 30 миллион доллар сый ақы алмақшы. Ал, Саддам Хусейннің өзін тауып беруге көмектесетін адамға 25 миллион доллар ұсынылып отыр.

Ал, АҚШ Орталық барлау агенттігінің кеңесшісі Дейвид Кейдің айтуынша, кезінде Саддам Хусейннің қару бағдарламасына қатысы болған ирактықтар аталған қарулар дәлелдерін америкалықтарға тауып беруге көмектесуге тырысуда.

Ол өткен бейсенбі күні бұл мәслеле бойынша Сенаттың қос комитеті алдында сөз сөйлеген болатын. “Сол қару-жарақ бағдарламасына қатысы болған ирактықтармен біз әріптестікті және белсенді әріптестікті орнатуға тырысудамыз. Біз осылайша қарулар жасырылған жерлерді іздеу сияқты аса маңызды барлауға кірісіп кеттік-, деді Кей мырза журналистерге берген сұхбатында.

Бейбітшілікке үлес атты халықаралық Карнеги инситутының зерттеушісі Уолфстейхл болса, Ұдай және Құсай Хусейндер қаза болғаннан кейін “Саддамның билігі енді қайтып Ирак жеріне орнамас”-, деген оптимистік ойға бекінген ирактықтар шын мәнінде америкалықтарға көмектесуге көшкен сияқты деп пікір айтуда.

Ирактықтардың қайбір қадамдарын ол тайпалық мінезбен байланыстыра түсіндіруге тырысқан екен. Оның пікірімен Уашингтонда орналасқан Мирас қорының сарапшысы Даниел Плетка келіспеушілік білдіруде. “Біз ирактықтардың ұлтшылдық сезімдерін жете бағаламасақ қатты қателесеміз. Саддамға бүйрегі бұратын ирактықтар елдегі қалыпты жағдайды америкалықтардың орнатуына барынша жол бермеуге тырысады.

Сондықтан олар бір-бірлеп, түрлі атыстар барысында көз жұмуға әзір. Немесе олар коалиция күштері тарапынан ұсталуы да мүмкін. Осы орайда америкалықтармен әріптес болып отырған басқа ирактықтарға рахмет”-, дейді Плетка ханым. “Күн өткен сайын олар өз болашақтарының америкалықтармен бірге екендігін түсініп келеді”-, дейді осы сарапшы.
XS
SM
MD
LG