Accessibility links

Шешен елінің Науыр ауданының Калиновская ауылының маңында екі ресейлік қосын опат болды.


Олардың бастарынан атылған мәйіттері бірнеше сағаттан соң жаттығу атыстары жүріп жатқан ауданды күзетіп тұрған жерден табылды. Грозныйда бомба жарылуынан үш сақшы жараланды. Жарылыс кеше кешке сақшылар бұдан бұрын жарылыс болған жерді тексеріп жүрген жерден шықты. Сондай-ақ кеше тағы үш сақшы Ачхой-Мартан ауданының Шемұлға ауылы маңында мина жарылуынан жараланды. Бүгін аталмыш ауданның Симашки ауылының тұрғындары "Кавказ" тас жолын жауып көліктерді өткізбей адам ұрлаушылықты тыйу туралы билік орындарына талап қойып отыр. Аудан әкімі Әли Далнаевтың хабарлауынша, шерушілер Ачхой-Мартан мен елдің өзге аймақтарымен қатынасты бөгеп, тіпті Ресей әскери көліктерімен сақшыларға жол ашпай отыр.
XS
SM
MD
LG