Accessibility links

Индонезия астанасында салмақты жарылыс орын алды.


Индонезия астанасы Джакартадғы " Мэрриот" қонақ үйінің жер төлесінде болған жарылыстан кемінде 10 адам мерт болып, 70-тен аса кісі ауыр жараланды. Запа шеккендер ішінде шетелдіктер бар. Куәлардың айтуынша, бомба жарылған. Сақшыларда бұны растап отыр. Қорғаныс министрі Матори Абдул Жалилдің атуынша, "бұл террорлық әрекет екендігіне күмән жоқ." "Мэрриот" қонақ үйі өртеніп жатыр, қонақтар мен қызмет көрсетушілер ғимараттан қауіпсіз жерлерге әкетілді. Бейсенбі күні Индонезия соты өткен жылдың қазан айында Бали аралында 200-ден аса адамның өмірін әкеткен террорлық шабуылды ұйымдастырушыларға үкім шығаруы тиіс.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG