Accessibility links

«Ықпалдастық-2003» әскери оқу-жаттығуларының бірінші кезеңі басталады

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Тамыз айының 6-сында Қазақстанның Шығыс әскери округінде, Үшарал маңында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің терроршылдыққа қарсы «Ықпалдастық-2003» әскери оқу-жаттығуларының бірінші кезеңі басталады.

Бұл туралы Азаттық радиосына Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Тамыздың 9-ына дейін өтетін бұл әскери оқу-жаттығулар «Терроризммен және экстремизммен күрес жөніндегі» Шанхай конвенциясы негізінде қабылданған іс-шаралар жоспары аясында жүзеге асырылады.

Оған аэромобиль және құрылық әскерлері, Қазақстанның әуе қорғанысы күштерінің бөлімшелері мен Қырғызстан Қарулы күштерінің десанттық-барлау взводы және Ресей Қарулы күштерінің мотоатқыштар ротасы қатысады.

Ал, Тәжікстан әскерилері бұл оқу-жаттығуға бақылаушы ретінде қатыспақ. Жаттығулардың екінші кезеңін Қытайда тамыз айының 11-і,12-і күндері өткізу жоспарланған. Оған Қырғызстан мен Қытайдың Әскери күштері тартылатын болады, деп-хабарлайды Қазақстанның Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
XS
SM
MD
LG