Accessibility links

Мал түсіп, кір жуылып жатқан Сасықкөлдің суын ішіп отырған ауыл

  • Жұлдыз ТӨЛЕУ

Үржар ауданындағы Сағат ауылында 120-ға жуық үй тұрады. Мұндағы халық Сасықкөлдің балығын аулап, күн көреді екен.

Бірақ ауыл тұрғындары ауыз су тапшылығын көріп отыр. Осы ауылдың үлкен қариясы Сасықкөлдің суын ішіп отырмыз дейді. Ал көлде мал ішіп, ит түсіп, адам шомылып, кір жуылып жатады екен.

Қарияның айтуынша, жаздың күні саяз көл сасып, құрттап кетеді, сонда да амалсыз ауыл тұрғындары Сасықкөлдің суын ауыз суға пайдаланып жатады. Бұл ауылдада дәрігерлік пункт атымен жоқ екен. Аудан орталығындағы ауруханаға жету үшін, алдымен үлкен жолға шығулары керек.

Ал үлкен жолға дейін 32 шақырым жол ойлы-қырлы. Жауын-шашын болған кезде көлік өтіп болмайды екен. Сонымен қатар тұрғындар ауылда мүлдем телефон байланысының орнатылмағанын айтады.
XS
SM
MD
LG