Accessibility links

Ресей ақпаратымен сусындап отырған қазақ ауылы.


Аягөз ауданы Таңсық елді мекені, Тарлаулы ауылы Қозы Көрпеш-Баян Сұлу дастанынан жақсы таныс.

Баянның әкесі Қарабай мен Қозының әкесі Сарыбайдың мекендеген жері. Баян сұлудың Таңсық және Ай деген екі апасы болған. Осы ауыл сол Баянның апасы Таңсық атымен аталып кеткен екен. Бұл ауылдың үш мыңға жуық халқы бар. Ауыл халқы дәрігерлік көмек көрсететін ауруханаға зәру. Халқы Ресейдің мәдениетімен сусындап отыр. Бұлай дейтін себебіміз, мұнда Ресейдің ОРТ каналынан басқа қазақстандық бірде –бір телеканал көрсетпейді.

Бұл ауылдың халқы ауыл тұрғындарының дені жұмыссыз болғандықтан, зейнетке шығатын жас шамасы азайтылса екен дейді. Таңсық елінің атқа мінер азаматтары жер мәселесіне келгенде билікке, Үкіметке қарсы қадау-қадау қарсы пікірлерін білдіріп жатты. Жердің сатылуы әсіресе ауылдағылардың қатты наразылығын тудырып отыр. Ата-бабамыздың аруағы хан, қазақ барлық жердің астыңғы байлығын ұрпағына қалдырған. Қазақ бұл байлықтарды қаза алмай қалған жоқ. Қазақтың ескі салтын қарашы, табылып жатқан, киімдері, ер тоқымы барлығы алтын-мыстан жасалған. Бұны да тапқан қазақ. Ал енді осы жерді сату деген дұрыс мәселе емес, - дейді олар.

Осы пікірге қосылған ауыл ағасы « Жер мәселесі болғанда ата-бабаларымыз жер үшін қан төгіп, соғысты. Осының бәрін Парламенттегі депутаттар біле тұра, Нұрсұлтан Назарбаев та біле тұра жерді сатуға неге ынтазар болып отыр? Жарайды жер сатылсын. Бірақ сол жерді сатып алған адам, мына қарайған халықты қалай асырай алады?», - деп ашынған ойын ортаға салды. Ал ауыл жастары, әсіресе мектеп жасындағы балалар «біздерге оқулық жетіспейді, компьютерлер өте аз, онда да олардың көбі сынып тұр, олардың жөнін білетін мамандар жоқ» деген үндерін жарыса айтып жатты.
XS
SM
MD
LG