Accessibility links

Кеше шілденің басынан бері Түркияда емделіп жатқан Әзірбайжан президенті Гейдар Әлиевтің денсаулығы жөніндегі берілген хабарларда бірқатар қайшылықты пікірлер орын алған.


Әзірбайжандағы АНС жеке меншік телекомпаниясы Анкарадағы дипломатиялық ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, 80 жасар президенттің денсаулығы жақсы, қалыпты жағдайда, ол бейсенбі күні Бакуға келетін болады деген хабар таратқан. Алайда Түркияның Анадолы ақпарат агенттігі Әлиев әрі қарай да емделу үшін АҚШ-қа сапар шегетін болады деген. Ендігі бір түрік ақпарат көзі, СНН-түрік телеарнасы әскери дәрігерлерге сілтеме жасай келе, Әлиев қазіргі күнде респиратормен тыныстап, сөйлей алмай жатыр деген хабар берген. Алдағы қазан айында президенттік үшінші мерзімге түскелі отырған Әлиев Анкарадағы Гүлхан әскери госпиталына бұдан бір ай бұрын келген, дәрігерлер ол әдеттегі медициналық тексеруден өтуде деп айтқан болатын. Бірақ та сол уақыттан бері ол ел алдында көрінген емес. Кеше Әзірбайжан парламенті президенттің 41 жасар ұлы Илхам Әлиевті премьер-министр етіп тағайындап, мемлекет басшысының елді басқаруға қабілеті турасындағы түрлі пікірлерді одан сайын ұлғайта түсті.
XS
SM
MD
LG