Accessibility links

Ресей президенті Вл. Путин Малаизиядан кейін Өзбекстанға келген.


Ресей президенті Вл.Путин кеше Малаизияда болған қысқа сапарының соңғы күнінде 900 миллион долларға Малаизияның патшалық әуе күштеріне реактивті қырғи ұшақтар сату жөнінде келісімдерге келген. Самолеттер Малаизияға 2006 жылы беріледі.

Сондай-ақ Ресей басшысының сапары барысында Малаизияның жетекшілерімен екі ел арасындағы дипломатиялық, экономикалық қарым-қатынастарды жетілдіре түсу турасында да әңгіме қозғалған. Хабарларға қарағанда, тараптардың екі жағы да 2005 жылы Малаизияның косомонавты Ресейдің ғарыштық бағдарламасына қатысатын болады деп келіскен. Куала -Лумпурдағы форумға қаратып Путин сондай-ақ Ресейдің Азияның оңтүстік-шығысымен де байланыстарын бекіте түсу жөнінде айтқан. Малаизияның премер-министрі Махатхир Мохамед Малаизия бұл аймақта Ресей тауарларына өзіндік қақпа болды деген.

Бүгін Ресей президенті Вл. Путин Өзбекстан президенті Ислам Каримовпен кездесу үшін Өзбекстанға келген. Олардың бас қосуы ежелгі Самарқанд қаласында өтетін болады деп хабарлайды Итар тасс агенттігі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG