Accessibility links

Баспасөз шолуы

  • Болатбек ТӨЛЕПБЕРГЕН

Мерзімді басылымдарда қазақ-өзбек шекарасын белгілеуге қатысты және басқа да мақалалар жарық көрген.

«Алтын орда» апталығының соңғы санында Зәкіржан Кәлкенбайдың «Кәсіптік білімнің жағдайы қалай?», Сәнім Ысқаққызының «Босқындардың обалы кімге?» және М. Қартжанның «Сапасыз тағам немесе әйелдер еркектерден неге көп?» атты тағы да басқа авторлар мен редакция тілшілерінің мақалалары жарық көрген. Газеттің төртінші бетіндегі «Қасиетті ұғымдармен ойнамайық немесе Мұртаза Бұлытай не дейді?» атты мақаласында Зікірия Жандарбек Мұрат Әуезовтің «Алтын орда» басылымына берген сұқбатына қарсы жазған Мұртаза Бұлытайдың ойларымен келіспейтіндігін білдірген.

Ал «Егемен Қазақстан» газетінің алтыншы тамыз күнгі нөмірінде «Ел және Елбасы» айдары аясында ауылшаруашылығы қызметкерлерінің ойлары және Жұмағали Ысмағұловтың «Ата қазақ ауылым деп күрсінген» атты мақаласы жарияланған.

Енді «Заң газетінің» нөмірі отыз сегізінші санына тоқталсақ, Оразхан Жарқынбектің «Түркістанда студенттерді айыптап жатыр», Қалыбай Әділдің «Күмән иманнан айырады» атты материалдары жарық көрген. Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз хатшысы Амангелді Шахин «Соттың баспасөз қызметі мен БАҚ арасындағы байланыс қандай?» деген мақаласында екі жақтың бір-біріне көңілі толмай келген мәселелерді жіті таразылаған.

«Экспресс К» газеті бүгін Ташкентте қазақ-өзбек шекарасын демаркациялау жөніндегі үкіметаралық комиссия өз жұмысын бастады деп хабарлайды. Онда Қазақстан мен Өзбекстан президенттерінің жыл бұрын делимитация жөніндегі келісімге қол қойылғаннан кейін енді екі жақтың өкілдері мемлекеттік шекараны анықтау мәселесімен тағы бір жиналып отыр делінген. Мақала авторы Ирина Галушко шекара карта арқылы емес, тұрғылықты жерлер бойынша анықталантынын айтады.

«Новости недели» газеті де бүгінгі нөмірінде Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев бес минөттің ішінде әлемдік сенсация жасады деген жаңалықты алға тартқан. Өткен сенбі күні Астана қаласындағы республикалық клиникалық ауруханада министр жасаған үмітінен күдігі көп күрделі операция бар болғаны 5-ақ минөтте өте сәтті аяқталған.

«Сөз» газетінің соңғы нөмірінде редакция ұжымы «Билік бар күшін салып «Сөзді» жапқалы жатыр. Данияр Әшімбаевтан кейін бізді Ақпарат министрлігі екі рет сотқа беріп отыр» деп мәлімдейді.
XS
SM
MD
LG