Accessibility links

Европадағы бұрын соңды болмаған аптап ыстықтың құрбандарының саны өсіп отыр.


Өткен тәулік ішінде Испания мен Португалияда 5 кісі, Германияда 4 адам қайтыс болды. Францияның кей аймақтарында ауа-райы +40 градустан асып отыр, соңғы рет бұндай шыжыған ыстық Екінші дүние жүзілік соғыстан соң болып еді. Ал Словенияда соңғы он жылда бұндай ыстық болып көрген емес. Құрғақ ыстық күндерден орман тоғай жанып жатыр. Италия, Польша, Хорватия, Испания және Франция жасыл желегін өрт шалған. Португалияда тілсіз жау ондаған мың гектардың орман тоғайын жалмады, 11 адамның өмірі үзілді. Ресми Лиссабон күллі елді табиғат апатының аймағы деп жариялап, халықаралық қауымдастықтан жәрдем сұрап отыр.
XS
SM
MD
LG