Accessibility links

Бүгін ондаған мың адам Хиросимада бас қосып қалаға американ ұшақтары атом бомбасын тастағанының 58 жылдығын еске алып жатыр.


Жиынға қатысушылар алдында сөз алған жапон үкіметбасы Дзюңитиро Коидзуми қайтадан өз елінің ядролық қаруды толығымен жоюды қалайтындығына тоқталды. 1945-ші жылы, тамыздың 6 күні, АҚШ ұшақтары Хиросиманы бомбылауынан 140 мыңдай адам бірден қаза тапса, жүздеген мың жапондық сәуле ауруына душар болып өздері мен ұрпақтары қинала көз жұмды. Хиросима мен Нагасакиді атом қаруымен бомбылаулардан соң Жапония 1945-інші жылдың 15-інші тамызы күні өзінің соғыста жеңілгенін мойындап, Екінші дүние жүзілік соғыс аяқталған еді.
XS
SM
MD
LG