Accessibility links

Түркияның әскери госпиталында емделуден өткен Әзірбайжан президенті Гейдар Әлиев кеше АҚШ-қа келген.


Әлеивтің Түркиядан Америкаға кеткені туралы Түркияның армиялық бас штабының мәлімдемесі растаған. Ол Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы жабдықталған ұшағымен ұшып келген. Әлиев Кливлендте қаралатын болады. Оның мұнда қаншалықты ұзақ болатындығы белгісіз. Әзірбайжанда қазанның 15-де өткелі отырған президенттік сайлауға 80 жасар Әиев пен оның 41 жасар ұлы Илхам екеуі де үміткер ретінде тіркелген. Дүйсенбіде Әзірбайжанның үкімет басы болып тағайындалған Илхам өзінің преизденттік бәсекеге заңды түрде қатыса алу үшін демалыс алғандығын айтқан. Елдің бұрынғы премьер-министрі Артур Расизад үкіметті сайлауға дейін басқаратын болады. Президенттің ұлының үкімет басына келуі Әлиевтің денсаулығы жөніндегі ел ішіндегі түрлі пікірді одан сайын жандандыра түсті, біреулер президент ел басқара алмайтындай ауыр науқас десе, енді біреулер ол мүмкін өліп қалған болуы керек деген де пікірлер айтуға дейін барған. Кеше Түркияның бас министрі Абдулла Гүл Әлиевтің денсаулығының жағдайы Әзірбайжанның саяси ахуалына әсер етпеуі тиіс деп атап көрсеткен. -Әзірбайжан тәуелсіз ел. Бұл Европа кеңесінің мүшесі болып табылатын демократиялық мемлекет. Міне сондықтан да бұл ел өз проблемасын өзі шеше алады, ешкім де мұндай елде бей-берекет, тәртіпсіздік орнайды деп күтуге тиіс емес,- деген ол.
XS
SM
MD
LG