Accessibility links

Украинадағы нашар астық өнімі жергілікті жұртты алаңдата бастады

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ

Украинадағы биылғы астық өнімі күтілген деңгейден әлде қайда аз болатындығы мәлім болғаннан соң украиналықтар алаңдауға түсе бастады.

Кезінде Европаның бидай қоймасы есептелген Украина, биылғы астық өнімі төмендігінен, Ресей және Қазақстаннан көмек сурауға мәжбур болып отыр.

Бұрыңғы екі одақтас елден Украина 2.4 млн. тонна бидай сатып алуға келісті. Ол келісімдерді реттеу Украина бас министрі Виктор Януковичтің мойнына түсті.

Өткен қахарлы қыс пен бұл жаздағы қуаңшылық кесірінен, өткен жылдағы өнім - 39 млн тонны бидайдың орнына биылғы астық үлесі 25млн тоннаға дейін төмендейтін түрі бар.

Өткен жылы, сол табыстың арқасында, Украина бидай экспортымен айналысуға қолы жеткен болса, биыл керісінше бидай импортымен шұғылдануға тура келіп отыр.

Талдаушылардың айтуынша, Украина даласында, дастарханның бас тағамы - нан үшін қажетті 6 млн тонна ұнның жартысына тең келер астық өндірілер екен.

Мамандардың пікірінше, әрина жағдай ашаршылық деңгейіне дейін жете қоймас, бірақ ұн бағасы кейде 150 пайызға дейін көтерілетіндігі анық болып қалған.

Ал қамырдан жасалған тағамдар қазірдің өзінде тапшы заттар қатарына қосылған.

Сонда бұндай дағдарысты жағдайға тек қана ауа райы себепші деуге келе ме ?

Экономист талдаушылар, ауа райы өз алдына, мұндай күрделі жағдайға үкіметтің өзі де жауапты, себебі жекеше сектордағы шаруашылықтарға жоғарыдан дер кезінде жәрдем қолы болмады, дейді.

Бұрыңғы советтік колхоз және совхоздық басқару тәсілінен жаңа жүйеге өтер кезде Украина үкіметі бір қатар реформалық шараларды іске асырғанымен, алда әле атқарылар талай істер баршылық.

- Өкінішке орай, Украинадағы ауыл шаруашылығы секторы нарықтық экономика теңізіне соңғылардың бірі болып түсті. Ал оны, дер кезінде, ол туңғиықтан аман алып қалуға ешкім қолын созбады. Бірақ, ауыл шаруашылығы ол теңізге түгелдей шөгіп кетпей, әупірімде аяққа тұрды. Енді-енді алға ғарай қадым тастай бастады, - дейді бұл сала бойынша маман журналист Володимир Чопенко.

Жекеше сектордағы диқандар астық сақтайтын қоймалар салу үшін қажетті қаржы-несие алалмайды.

Полтава обылысынан, Добробут Агрофирмасының директоры Евхен Панечконың айтуынша, өзара тиімді пайыздық өсіммен ұзақ мерзімді несие-қарыз алмаса шаруалар нәтижелі іс жүргізе алмайды.

- Мемлекет өнім шығарушыға арнайы көңіл бөліп, банктен несие-кредитті бір жылға емес, кемінде бес жылға алуға жағдай жаратуы керек. Міне енді қараңыз, "Мерседес" мәшинесін алу үшін 5 пайыздық өсіммен қарыз аласыз да, бір трактор алу үшін несиені 21 пайыз қосып қайтарасыз. Ал оның өзін алты ай, жолыңыз болса ғана, 11 айда қайтаруыңыз керек.

Сонымен диқан бар тапқанын техникаға ғана жұмсап, қалған шаралар үшін тағы да алақан жайып отырады. Жанар-жағармай, қойма салу, дегендер және бар. Осы сықылды өзге де қосымша шығындарды реттегенде ғана шаруа өз өндірген астығын дұрыс сақтап, тиімді бағасына сата алады. Ал оған әркімнің де мүмкіндігі бола бермейді , - дейді Агрофирма директоры.

Кейбір талдаушылардың пікірінше, биылғы астық тапшылығына қолайсыз ауа райы, жекеше шаруалардың үкіметтік қолдаудан тыс қалуынан сырт өзге де себептер бар.

Әңгіме бидай саудасына орынды-орынсыз араласқан кейбір саясаткер алпауыттар мен бизнесмендердің іс-тірлігінде көрінеді.

Украина президенті Кучма, биылғы шаруашылық өнімсіздігінен дер кезінде пайдаланып, ел арасында әдейі дүрбелеңді жағдай қалыптастырып, астық бағасын күрт көтеріп жіберген бизнесмендерді айыптайды.

Бұл пікірге Ауыл шаруашылығы министрі орынбасары Серхи Мельник те қосылады.

-Қазіргі дағдарысты жағдай әдейі қолдан жасалып отырған нәрсе. Оған басқа себеп бар деуге келмейді, - дейді министр орынбасары.

Украинадағы бір қатар агенттіктер бұл астық дағдарысына орай кейбір саясаткер мен саудагер-бизнесмендердің істеріне тергеу жүргізуде. Бас прокурор кеңсесінен хабарланғанындай, бидай мәселесі бойынша 270 қылмыстық іс қозғалған.

Ал, Украина Социалистік партиясы жетекшісі, оппозициядан президент Кучмаға қас бәсекелес Олександр Мороз, өткен жылғы астық өнімі деңгейін, әдейі ұлғайтып көрсетілгендігін біз дер кезінде ескерткенбіз, дейді.

- Солай ете жүріп, өткен жылы астық бағасы екі есеге кемейтілген болатын, - дейді Олексанр Мороз.

Украинадағы бұл дағдарысқа кінәлі деп үкіметтік деңгейдегі ресмилерден бұрыңғы бас министр орынбасары Леонид Козаченко наурызда тұтқындалып, кейінірек босатып жіберілген .

Kозаченкоға "өткен жылы саудагерлерге украин астығын арзан бағаға сатып алып, шетке экспорттауға мүмкіндік жасаған", деген айып тағылған.
XS
SM
MD
LG