Accessibility links

Әйгілі киноактер әрі дене сомдаушы Арнольд Шварценеггер Калифорния губернаторы орнына таласпақ.


Миллиондаған көрермендерге көптеген фильмдерден белгілі қапсағай денелі Австрияның тумасы, Американың республикандық партиясы мүшесі Шварценегер өткен түні Эн-Би-Си телеарнасына өзінің жоспарын жариялады:

“Мен Американың барлық мүмкіндіктерін пайдаландым. Мен бұнда келгенде қалтамда көк тиын жоқ болатын, бірақ мен өмірдегі өз орнымды алу үшін арман мақсатқа тола едім. Бірақ маған берілген мүмкіндіктердің нәтижесінде мен дегеніме жеттім. Және мен әркімде бұған қол жеткізуін тілеймін. Міне сондықтан біз осының бәрі орындалған Калифорнияға өз ризашылығымызды қайтаруымыз керек.”

Қазіргі демократ губернатор Грэй Дэвис орнынан арнаулы референдум арқылы кетуі мүмкін, оның жұмысына риза еместердің миллионнан аса қолдары жиналды. Дэвиске штаттағы қаржылық дағдарысқа байланысты сын айтылуда. Сайлаушыларға Дэвиске сенім танытумен жаңа үміткерлердің тізімі ұсынылады. Егер көпшілік губернатордың орнынан кетун қолдаса, онда ең көп дауыс алған үміткер жеңген болып есептеледі. Соңғы рет бұндай үлгідегі сайлаулар 1921-інші жылы Солтүстік Дакотада өткізілген. Калифорния губернаторлығынан үміткерлер қатарында эротикалық "Хастлер" журналын шығарушы Ларри Флинт пен порножұлдыз Мэри Кэриде бар.
XS
SM
MD
LG