Accessibility links

Индонезияда өткен жылы Бали аралында 200 адамның өмірін әкеткен терорлық іс бойынша бірінші сот үкімі шығарылды.


Айыптаушылар сотқа тартылушы Амрози бин Нұрқасымды террорлық ұйымда белді орынға ие деп тапты. Амрози өзінің жарылыстарға қатынасын мойындады. Оған өлім жазасы үкімі шығарылмақ. Индонезия үкіметі елде жаңа террорлық әрекеттер жасалуы мүмкін деп ескертіп отыр, осыдан екі күн бұрын Джакартадағы жарылыстан 14 адам көз жұмып, 150 кісі жараланды. Сақшылардың пікірінше, жарылысқа " Жамаа Исламия" тобы қатысты, аталмыш ұйым былтырғы Балидегі террорлық шабуылға да жауапты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG