Accessibility links

Бағдадта Йордания елшілігі маңында жарылыс болып, кемінде 8 адам опат болды.


Ғимарат маңында қопарғыш салынған көлік жарылған. Әзірше диверсияның жасалу себептері белгісіз. Өткен аптада Йордания Саддам Хусейннің екі қызына саяси баспана берген еді. Өткен түні Ирақта одақтастар қосындарына шабуыл жасамақта сезікті бірнеше адам қамауға алынды. АҚШ әскери басшылығының хабарлауынша тұтқындау операциясы Тикрит кенті маңында болған. Қолға түсірілгендердің екеуі бұрынғы ирақтық генерал. Оларды тергеу барысында Саддам Хусейннің қайда жүргендігі сұрастырылуда. Бүгін 4-ші АҚШ Жаяу әскер дивизиясының қолбасшысы, генерал-майор Рей Одейрноның Тикритте жасаған мәлімдемесінде ол жағдайға былайша тоқталды:

“Бұрынғы Ирақ елбасы Саддам Хусейн біздің сарбаздарға кез келген шабуылдарды тапсырып отыр деп мен ойламаймын, мен оның жетекшілік жасап басқаруға мүмкіндігі бар, деп санамаймын. Менің пікірімше ол әрбір үш-төрт сағат сайын орын ауыстырып отырады.”

Хусейінге өз руластары қол үшін беріп отыр деген жорамалдар бар.
XS
SM
MD
LG