Accessibility links

Ахметжан Есімов жер туралы реформа жайлы


Ахметжан Есімов: “Төртінші тоқсаннан бастап жер туралы реформаға толық кірісуге барлық заң құжаттары дайын болады”

Тамыздың 7-і күні өткен Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде сөз сөйлеген Премьер-министрдің орынбасары, Ауыл шаруашылық министрі Ахметжан Есімов, қабылданған жер, су, орман кодекстеріне байланысты мәселелерге тоқталды. Оның айтуынша, Жер кодексінің талабына сәйкес облыстардың жуық уақыттарда жеке меншікке болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті өлшемдері бойынша ұсыныстары үкімет қарауына түспек.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев, Ахметжан Есімовтен қабылданған жер кодексінің орындалу барысы туралы сұрады.

- Жекешелендіру жұмыстары басталады. Оның барлығы ұйымдыстырылған, бақылауда болуы қажет. Өз адамдарына, жақындарына беріп жатыр деп тағы да Үкіметті айыптап жүрмесін, кім бақылайтын болады, - деді Президент.

Бұл орайда Ахметжан Есімов, жер кодексін орындау барысында бүгінгі күні Үкіметте 12 қаулы жобасының қаралып жатқандығын айтты.

Жер кодексі талаптарын жүзеге асыруды көздейтін үкімет қаулылары қыркүйек айында қабылданады. Төртінші тоқсаннан бастап жер туралы реформаға толық кірісуге барлық заң құжаттары дайын болады. Оның ішінде бір заңды тұлғаға сатылатын жердің көлемін шешетін жергілікті атқару органдары. Олар өздерінің ұсыныстарын үкіметке тапсыруы керек.

Мәжілісте Ахметжан Есімов, сыртқа шығарылатын астық көлемінің өскенін айтты. Осы жылдың алты айында экспортқа шығарылған астық көлемі 14 пайызға өскен.

Ахмежан Есімов, мамандардың болжамы бойынша биылғы жылы да астық өнімнің нәтижелі болатындығын айтты.
XS
SM
MD
LG