Accessibility links

Үкімет экономиканы тұрақтандыру бағдарламасын әзірледі

  • Мартбек МЕКЕНТАЙҰЛЫ

Қазақстан Үкіметінің тамыздың 7-сі күнгі отырысында 2003 жылдың алғашқы 6 айында атқарылған жұмыстар қортындыланды. Премьер-министр Даниал Ахметовтың айтуынша, өткен жарты жылдықтағы көрсеткіштер экономиканың қарқынды дамып келе жатқанын дәлелдейді. Бірінші жартыжылдықта Ішкі жалпы өнімнің нақты өсімі 10,6 пайыз болған. Өнеркәсіп өндірісі- 9,6 пайызға, ауыл шаруашылығы өнімдері 5,2 пайызға, негізгі капиталға инвестиция салу 12,9 пайызға, экспорт көлемі 50 пайызға артқан.

Даниал Ахметов: «Ел экономикасының даму үрдісін тұрақтандыру мақсатында Үкімет бағдарламасы әзірленіп отыр»,-- деді. Теміржол, телекоммуникация және электр энергиясы салаларын монополиясыздандыру және ырықтандыру алға қойылуда. Даниал Ахметовтың сөзіне қарағанда, халықаралық және қалааралық байланыс базары ниет білдіруші барлық операторларға ашық. Ақпараттандыру және байланыс агенттігіне осы жылдың аяңына дейін әр деңгейдегі абоненттердің мүдесі үшін тарифтерді әркелкілендірудің дайындық кезеңін аяқтау тапсырылып отыр. Ал Энергетика және минералды ресурстар министрлігіне электр энегргиясының бөлшек сауда базарындағы нормативтік базасын қалыптастыру және электр энергиясын сату жобасын әзірлеу, сондай-ақ, аймақтық энергетикалық компанияларды жекешелендіруді аяқтау жүктелген. Қараша айының 1-не дейін «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамының құрылымын өзгерту жұмыстары аяқталады. Ал автокөлік жолдарын дамыту бағытында халықаралық қатынас жолдарына басымдық берілмек.

Отандық ғылыми әлеуетті тиімді пайдалану мақсатында биыл ғылыми қорға 100 миллион теңге бөлінеді. Білім және ғылым министрлігіне қараша айының 1-не дейін елдің білім беру жүйесіне талдау жасап Үкіметке тапсыру міндеттеледі.

«Мұнай-газ және металлургия салалары Қазақстан экономикасының күретамыры ретінде қала береді. Тұтастай алғанда биылғы жарты жылдықтағы Қазақстанның дамуы көңілге сенім ұялатады», - деді Үкімет басшысы.

Үкімет отырысын қотындылаған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан экономикасы 2-ші сатыға көтеріліп отыр деп мәлімдеді
XS
SM
MD
LG