Accessibility links

Йордан дариясының батысындағы Йерихон қаласы маңында Израиль қосындары палестин қауіпсіздік сақтау мекемесінің 18 қызметкерін терроршылдықта сезікпен қамауға алды.


Бүгін таратқан хабарында Израиль радиосы қамауға алынғандар террорлық әрекеттер жасау мен қолдан зымыран шығарумен шұғылданушы жергілікті терроршылдар болса керек деді. Сәрсенбі күні Израиль өз абақтыларынан 300-ден аса арабты бостандыққа шығарған-ды. Дүйсенбі күні 100-ге тарта палестиндік бостандыққа шығарылуы тиіс. Палестина автономиясының басшылығы барлық арабтарды азат етуді талап етуде, қазіргі уақытта Израиль түрмелерінде 6 мыңдай палестиндік отыр.
XS
SM
MD
LG