Accessibility links

Әзірбайжан оппозициясы аштық наразылығын бастады


Әзірбайжан президенті Ғейдар Әлиев өзінің ұлы, 41-жасар Ильхамды дүйсенбі күні бас министр қызметіне тағайындады. Әкелі-балалы Әлиевтер алдағы қазан айына белгіленген президенттік сайлауға үміткер ретінде тіркелді. 80-жасар Ғейдар Әлиевтің денсаулығы соңғы кездерде қатты сыр беріп келеді. Ол Түркияда жүрек ауруынан ұзақ емделіп, алдыңғы күні Америка Құрама Штатарына жеткізілді. Ол мұнда қанша қалатыны әзірше белгісіз. Ильхам Әлиев Әзірбайжан ұлттық мұнай компаниясын басқарды. Ол бас министр қызметін бірден уақытша тоқтатып, сайлау қамына кірісіп кетті. Оппозицияның бір топ белсендісі осыған байланысты кеше аштық бастады. Олар Әзірбайжанда хан билігі орнатылып жатыр деп наразы.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG