Accessibility links

Амрози бин Нұрхасям өлім жазасына кесілді


Индонезияның Бали аралында өткен жылдың қазан айында террорлық шабуыл жасаған азаматтың соты кеше толық аяқталды. Амрози бин Нұрхасям 202 адамның ажалына айыпты деп тыбылып, өлім жазасына кесілді. Амрози бин Нұрхасямның адвокаттары жоғары сатыдағы сотқа шағымданатындарын айтты, ол үшін оларға жеті күн берілді. Қаза болған адамдардың туыстары және жарылыстан аман қалған азаматтар сот үкімін жылы қабылдады. АҚШ сыртқы істер министрлігінің өкілі Тара Риглер сот үкіміне қанағат танытты. Амрози бин Нұрхасям Бали аралында шетел туристерінің демалатын жері – түнгі клубта жарылыс ұйымдастырды деп табылды. 202 адамның көпшілігі – шетелдік. Осы сот аяқталмай тұрып ел астанасы Джакартада осыдан екі күн бұрын тағы жарылыс жасалды, оның салдарынан кемінде 10 адам қаза тапты, 150 шақты адам жарақат алды. Бұл шабуылдар "Джәмия Исламия" әсіре исламшыл топқа арттырылып отыр. Бұл топ "Әл Қаида" ұймымын сыбайлас көрінеді.
XS
SM
MD
LG