Accessibility links

Ирақтағы қауіпсіздік сақтаудың кейбір шаралары ирақтықтардың қолына өтеді


Кеше Бағдадта Иордания елшілігінің жаныда жарылыс жасалып, кемінде 11 адам қаза тапты. Олардың ішінде екі кішкентай бала бар. 65 шақты адам жарақат алды, олардың арасында елшілік қызметкерлері кездеседі. АҚШ сыртқы істер министрі Колин Пауелл бұл оқиғаны Иорданиялық әріптесі Маруан Мұашермен талқылап, шабуылға сөгіс айтты. Колин Пауелл Ирақтағы қауіпсіздік сақтаудың кейбір шаралары бара-бара ирақтықтардың қолына өтеді деп мәлімдеді. Бағдадтың орталығында кеше, сондай ақ, атыс болып, екі американдық сарбаз жараланды. Бірнеше сағаттан кейін Бағдадтың Әл-Рашид аймағында тағы қақтығыс орын алды, екі сарбаз қаза тапты. Ирақ соғысы аяқталды деп 1 мамырда президент Джордж Буш жариялағалы бері қаза тапқан американдық сарбаздардың саны сонымен 55-ке жетті.
XS
SM
MD
LG