Accessibility links

Израйлдің қабырға салу ниетіне тағы сөгіс айтылды


Таяу Шығыста Израил тарапынан қабырға салынып жатқанына АҚШ сыртқы істер министрлігі кеше тағы алаңдаушылық танытты. Министр Колин Пауелл бұл қабырға Палестина мемлекетінің болашақ шекарасын нақтылауға бөгет тудырады деп айтты. Қауіпсіздік желеуімен салынып жатқан қабырға кейбір тұстарда Палестина жеріне кіріп кетеді деп жоспарланған. Израил салып жатқан қабырға Таяу Шығыста бейбітшілікті орнатуға кері әсерін тигізеді деп кеше, сонымен қоса, Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Юрий Федотов және АҚШ-тың Таяу Шығыстағы елшісі Уильям Бюрнс алаңдаушылық танытты.
XS
SM
MD
LG