Accessibility links

Ирақтағы Басқарушы Кеңесті халықаралық қауымдастықтың тануы керек пе?

  • Смағұл ЕЛУБАЙ

БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннан Қауіпсіздік Кеңесін Ирақты Басқарушы Кеңесті тануға шақырды. Бұл Кеңесті халықаралық қауымдастық тануы керек пе?

Осы аптада БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан Қауіпсіздік Кеңесін Ирақты басқарып отырған Басқарушы Кеңесті тануға шақырды. Ирақтағы Басқарушы Кеңесті өткен айда Құрама Штаттары құрғаны аян. Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері бұл ұсынысты қабыл ала қояр ма екен деп жазады радиомыздың талдаушысы Катлин Нокс.

Осыдан екі апта бұрын Ирақтың Басқарушы Кеңесі БҰҰ –на өз делегациясын жіберіп бұл Кеңесті Ирақтың үкіметі ретінде тануды сұрағаны белгілі.

Сәрсенбі күні Араб Лигасының жетекшісі Әмір Муса Ирақтың заңды үкіметі деп жалпы халықтық сайлау өткеннен кейінгі билік басына келетін үкіметті айтамыз деді:

"Өтпелі кезеңдегі бұл Кеңес тек алға басқан бір қадам. Ирақтың танылуға тиіс, байланыс құруға лайық заңды үкіметін жасақтауға қарай жасалған қадам."

Енді бұ жайлы Лондондағы қорғаныс саласын зертейтін орталық маманы Пол Корништың пікіріне ден қоялық:

"Егер де алдағы 12 ай бойы халықаралық қауымдастық ирақтықтарды ресми мойындамай тұрса онда ол дегенің масқара емес пе?"

Корниш, егер, Ирақтағы билік мойындалатын болса онда Ираққа қарсы соғысқа қарсы болған елдер Ирақты қайта құру ісіне белсенді араласады деп біледі.

Мысалы, Ресей мен Үндістан, егер, Ирақта заңды үкімет болмаса онда біз өз жасақтарымызды Ирақтағы халықаралық бітімгершілік жасақтарына жібере алмаймыз деп отырғаны белгілі. Демек, БҰҰ-ның мандаты Ирақты бейбіт қалыпқа келтіру ісіне халықаралық жәрдемге жол ашқалы тұрғаны көрінп тұр. Осы арқылы талдаушы Корништың пікірінше БҰҰ-ның Ирақты қалыпқа келтірудегі ролі күшеймек:

"Біз көмек, жәрдем саласында ешнәрсе жасай алмаймыз. Өйткені осы былықты тудырған Американың империялық ниеті деп қол қусырып отырған әлем елдерінің қолын бұл шешім босатар еді."

"Егер, бұлай болмаса аталмыш Кеңес Құрама Штаттардың қуыршағы тәрізді болып қала бермек"


Лондондағы экономика мектебінің профессоры Барри Бузан дағы халықаралық мойындау болмаса Ирақтың Басқарушы Кеңесі қарсыластарының сынынан көз ашпайтын болады деп біледі:

"Өзінің заңдық беті жоқ халықаралық қауымдастық танымаған бұл басшылықтың мардымды іс тындыруы қиын. Алуан түрлі халықаралық ұйымдамен жұмыс істесі қиын. Ол сондай-ақ өз оппозициясы алдында да заңсыз болғандықтан қауқарсыз болмақ."

Талдаушы Корниш БҰҰ-ның Ирақтың Басқарушы кеңесін тануы Ирақты қайта қалыпқа келтіру ісіне пайдасы тиеді деп біледі.

"Ирақтықтар конституция қабылдауға дайындалып жатыр. Олар осындай ақ жолға түскенде біз оларды қолдауымыз керек."
XS
SM
MD
LG