Accessibility links

Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының тұңғыш біріккен әскери жаттығуы.


Алматы. Бүгін Қазақстанда Шанхай ынтымақтастық ұйымының біріккен әскери жаттығуының бірінші сатысы аяқталды. Жаттығу Қазақстанда өтті. Жатығудың екінші бөлігі алдағы аптада Қытайда жалғаспақ. "Әрекеттестік-2003" деп аталатын осынау жаттығу мақсаты терроризммен күрес. Қазақстан, Қырғызстан және Ресей жағынан 500 солдат қатысқан бұл жаттығуға Қытай мен Тәжікістан бақылаушы болып қана қатысты. Солдаттар террористер шоғырланған мекенге парашютпен түсу тәсілдерін көрсетті. Келесі аптада Синьцзян өлкесінде өткелі отырған жаттығудың екінші сатысында террористер қолына түскен кепілдерді құтқару тәсілдері көрсетілмек. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына алтыншы мүше Өзбекстан болса бұл ойындарға қатысқан жоқ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG