Accessibility links

Қазақстандағы құрылыс

  • Гүлмира ХАМЗА

Қазақстандағы құрылыс жұмыстарының 26 пайызға жуығы шетелдік компаниялардың күшімен жүзеге асырылып жатыр

Бұл тұралы 8 тамыз күні Алматыдағы Қазақтың мемлекеттің Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрында құрылысшылар күніне орай өткен салтанатты жиында бұрынғы құрылыс министрі, ардагер Асқар Көлебаев мәлімдеді, деп хабарлайды «Қазақ Ақпарат» агенттігі.

Қазақстан Президентінің екінші құдасы Асқар Көлебаев алдағы жылдарда щетелдіктердің құрылыс саласындағы үлесін мейліңше азайту керек, дегенді айтқан. Сонымен қатар Қазақстан Президентінің құрылысшы құдасы мемлекеттегі 126 мыңға жуық құрылысшы әріптестерін құтықтаған. «Қазақ Ақпарат» агенттігінің хабарлауынша, Асқар Көлебаев өткен жылы құрылыс кешеніне 790 миллиард теңге инвистиция тартылғанын атап өткен. Оның 60 пайызы отандық кәсіпорындар мен жекеменшік ұйымдар тарапынан бөлінген.

Сондай-ақ, Алматы қаласы әкімшігінің атынан құрылысшыларды құттықтаған қала әкімінің бірінші орынбасары Яков Заяцтың айтуынша, осыдан 5-6 жыл бұрын қалада 90-95 мың шаршы метр құрылыс жұмыстары әзер атқарылса, үстіміздегі жылы 300 мың шаршы метр құрылыс жұмыстарын жүргізілу көзделініп отыр. Яков Заяц қала әкімшігінің тарапынан бірқатар құрылысшыларды құрмет грамотасымен марапаттады.

Ал, Қазақстан құрылысшылары қауымдастығы төрағасының орынбасары, «Алматықұрылыс» Ұлттық холдинг компаниясының вице-президенті Мекеш Утин қауымдастыққа республикамыздың 8 облысындағы 62 ұйымнан 100 мыңнан астам адам мүше екендігін назарға салды. Ол қауымдастықтың құрмет грамотасын бірқатар азаматтарға табыс етіп, олардың еңбектерін жоғары бағалады, деп хабарлады «Қазақ Ақпарат» агенттігі.
XS
SM
MD
LG