Accessibility links

“Өзара іс қимыл-2003”


Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің “Өзара іс қимыл-2003” әскери жаттығуының бірінші кезеңі аяқталды

Бүгін яғни тамыздың 8-і күні Шығыс әскери округінің Үшарал қаласы маңында осы тамыздың 6 сы күні басталған Шанхай Ынтымақтастық Үйымына кіретін мүше елдердің терроризмге қарсы “Өзара іс қимыл 2003” атты әскери жаттығулардың бірінші кезеңі аяқталды.

“Өзара іс қимыл 2003” атты әскери жаттығуға Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің 500 ден астам әскерилері қатысқан. Ал ШЫҰ –на мүше Тәжікстан мен Қытай бүл жаттығуға бақылаушы ретінде қатысқан. Ал Өзбекстан бұл жаттығуға қатыспады.

“Өзара іс қимыл 2003” атты әскери жаттығулардың екінші кезеңі тамыздың 11-12 сі күндері Қытай Халық Республикасының батыс аймағында, Иминь қаласы маңында өтеді. Қытай жерінде өтетін әскери жаттығуға Қырғызстан әскери бөлімшелері мен Қытай Ұлт Азаттық әскери бөлімшелері қатысады.
XS
SM
MD
LG