Accessibility links

Қазақстанның Демократиялық Таңдау Қозғалысының саяси кеңесі мәлімдеме таратты

  • Досан БАЙМОЛДА

Қазақстанның Демократиялық Таңдау Қозғалысының саяси кеңесі тамыздың 8-і күні халықтың талқылауына ұсынылғалы отырған ҚР сайлау туралы заң жобасына байланысты өзінің мәлімдемесін таратты.

Мәлімдемеде айтылғанындай Қазақстанның Демократиялық Таңдау Қозғалысының саяси кеңесі қосымша толықтырулар мен өзгертулер енгізілген сайлау туралы заң жобасымен таныса отырып, бүл заң жобасы авторитарлық биліктің сайлау қортындысын қалайда өз пайдасы үшін, өзіне ыңғайлы жағдайға өзгерте алатын мүмкіндік беретін қитұрқы іс әрекеттерге жол беретін жағдай жасалған заң жобасы болғандығын өкінішпен атайды делінген.

Үкімет сайлау туралы заң жобасына Қазақстандағы демократиялық күштер тарапынан ұсынған үсыныстар мен пікірлерді елеп ескермеген, керісінше екінші сатыдағы, онша маңызды емес өзгертулер мен толықтырулар кіргізу арқылы сайлау қортындысын фальсификациялауға жол беретін механизмдерді сақтап қалған делінген аталмыш мәлімдемеде.

Осыған орай ҚДТҚозғалысының саяси кеңесі Қазақстандағы сайлау жүйесін жақсарту үшін үкімет органдарын, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдарды сондай-ақ Еуропадағы қауіпсіздік және ықпалдастық ұйымы секілді халықаралық үйымдарға қайырылып демократиялық тұрғыдағы сайлау жүйесін болдыру үшін бірлесіп жұмыстауға шақырды.
XS
SM
MD
LG