Accessibility links

Коллин Пауелдің қызметі мен болашағы туралы топшылама сөздер


Бұл тамыз айы, АҚШ президенті Джордж Буш өзінің Техас штатындағы ранчосында демалысын өткізіп жатқанда, Вашингтонда бұқаралық ақпарат құралдары өздеріне жазғы тыныштықта қорек болатын хабар іздеп, ақырында бар назарларын Құрама Штаттар мемлекеттік хатшысы Коллин Пауелдің қызметтік міндетін атқару барысы мен оның келешектегі жұмысы жайлы жорамалдарға аударды.

Жазғы демалыстарда жаңалық табу-бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне оңайға түспейді. Вашингтонда осы аптада басты назар АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Коллин Пауелдің Американың жоғары дипломаты ретіндегі әлі белгісіз болашағына қатысты алып-қашпа сөздерге ауды. Жорамал әңгімелердің бір жағы дүйсенбі күні Вашингтон пост басылымында жарияланғандай, Коллин Пауел мен оның өкілі Ричард Армитаж егер 2005 жылы Джордж Буш қайтадан президенттік сайлауға түсіп өтетін болса, онда оған біз қызмет етпейміз деген сөздерден басталды. Аты аталмаған мәлімет көздеріне сүйенген бұл ақпаратта, Армитаж бұл туралы президенттің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Кондолиза Райсқа хабарлапты-мыс. Бұдан соң Ақ үй бірден бұл айтылғандарды жоққа шығарып, мемлекеттік департамент пен Коллин Пауел мұны далбаса сөз деп атады. Мемлекеттік департаменттің өкілі Филип Рикер оған былай деп қосты:

- Мен айтқандай, ондай оқиғаны айтуға еш негіз жоқ. Және Мемлекеттік хатшы Коллин Пауелде үнемі айтып жүргеніндей, ол және оның көмекшісі президент Бушпен бірге бар ықыластарымен қызмет етіп келеді әрі сол қызметтерін одан әрмен жалғастыра бермек.

АҚШ департаментінің өкілі Филип Рикер бұл жәйтті британдықтардың тыныш мезгіл деген сөзін тілге тиек ете отырып, яғни оны жаз айларында баспасөз өкілдерінің айтарға түк таппағанда баратын жеңіл алып-қашпа сөздеріне балады.

Тамыз айында Вашингтонға қош келдіңіз делінген басты беттерде еріксіз назарға түсетін мағынасыз әңгімелер жазылған.

Алайда, Пауелдің нақты ойлары мен басқа жәйттерді айтпағанның өзінде бұл оқиға, соңғы айларда сыртқы саясатқа әсер етуде мемлекеттік хатшы, көгершін Коллин Пауел мен қорғаныс министрі қырандар Дональд Рамсфелд пен Вице-президент Дик Ченей арасында жалғасып келе жатқан текетіреске берілген соңғы соққы болды. Ақ үйдегі республикандық палатаның бұрынғы спикері Гингричтің “сыртқы саясат” атты журналда жазғанындай, Коллин Пауелдің мемлекеттік департаменті осыған дейін Рамсфельд пен Ченейдің Ирақ, Солтүстік Корея, Иран мен Таяу шығыстағы ұстап келген қатал сыртқы саясатын құлдыратты деп айтқан. Ал, Мичиган университетінің профессоры Раймонд Тантер Буш әкімшілігінің екі тарабымен де жақын байланыста. Ол бұрынғы президент Рональд Рейганның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесінің қызметкері болған. Раймонд Тантер Азаттық радиосының тілшісіне берген сұхбатында екі жақтың күресі күшейіп барады деген.

Қазір бұл Вашингтон үшін күрес. Президенттің назарына ілігу үшін соғыс. Кім жоғары, кім төмен тұр. Немесе әртүрлі жағдайда кім ортада кім сыртта қалады дегенге басты тұлғалардың таласы. Көптеген саясаткерлер қате шалынысып жатыр. Осы жағдай президентті қатты алаңдаушылыққа әкелуде, осындайда ол көбіне Пауелге қарай бұрылады.

Ал, Като институтының сарапшысы Тед Гален Карпантер бұл оқиғаны Пауелдің достары ұйымдатстыруы мүмкін деп ойлайды. Өйткені оның пікірінше, ойластырылған бұл үлкен оқиға Буштың Пауелді қоғам алдында қорғап қалып, осындай мақсатта оның тұрақтап қалуына мүмкіндік береді. Тағы бір деректерге қарағанда, осы жанжал шыққан соң, жұрт оған Буштың реакциясы қандай болады деп күтіп отырғанына қарамастан, Коллин Пауел әйелімен бірге бірден сейсенбі күні, Техас штатындағы ранчосында демалып жатқан Бушқа қонаққа кетеді. Бірақ, оның бұл сапарын Ақ үй өкілдері олардың бұл бұрыннан жоспарланған жеке кездесулері болатын деп нақтылап отыр.

Ал, егер президент 2004 жылға қайта сайланса Коллин Пауел орнынан неге кетеді деген жорамалдарға сарапшы Карпантер өз ойын былай қосты.

Пауел өзінің әкімшілік ішіндегі ықпалды әрекеттерге бәсекелес екенін түсінді. Ол мемлекеттік хатшылық жолында кейде әкімшілікте де, сыртқы саясатты жүргізуде қайраткерлігін көрсете алмады. Мен таңданбас едім, егер ол жеке өмірі мен тағы төрт жылын осы әкімшіліктегі басқа адамдар күресіп келе жатқан Вашингтонда өткізгісі келсе.

Вашингтон пост газетіндегі оқиғаның соңында, Пауелдің болуы мүмкін мұрагерлері жайында топшылау ойлар айтылып, онда екі лауазымды өкіл, Кондолиза Райс пен Қорғаныс министрінің өкілі Пауль Вольфуйтстың аттары аталған. Таяуда Құрама Штаттардың Ирақ жайындағы нақты емес мәліметтерді пайдалануынан кейін, Райстың беделіне ол соққы болған еді. Дегенмен, екі сарапшы Карпентер мен Тантер да, егер Райс ендігі қарама-қайшылықтарда өзін ұстай білсе, ол Пауелден кейінгі мемлекеттік хатшылыққа жақсы кандидат болар еді деп біледі. Және қара нәсілді бірінші мемлекеттік хатшы болмақ. Ал, сарапшы Тантер егер Райс мемлекеттік хатшы болса онда сарашпы ретінде жақсы танылған Вольфуйтс президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші болар еді деп пайымдайды.

Алайда сарапшы Тантер Буштың американың сыртқы саясатын нәтижелі жүргізу үшін осындай Пауел мен әскери қырандар сияқты қарама-қайшылықтар керек деп есептейді.
XS
SM
MD
LG