Accessibility links

Либерияда соңғы бірнеше айда 250 мың халық қаза тапты


Бірнеше жылғы азаматтық соғыстың салдарынан елден қуылып жатқан Либерия президенті Чарлз Тейлор қызметін өзінің орынбасарына дүйсенбі күні толық тапсыратын болды. Чарлз Тейлор көршілес Нигерияда саяси баспана алып отыр. Ел астанасы Монровияда тыныштық орнатылғанына бүгін бесінші күн. Ал елдің екінші үлкен қаласы Бухананда кеше шайқас жалғаса түсті. Либериядағы жағдай соңғы уақытта өте күрделі, Батыс Африка елдерінің бітімгершілік жасағы елдің көптеген аймақтарына азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді әлі жеткізе алмай отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғары комиссарының міндетін атқарушы Бертранд Рамхаран Либерияда соңғы бірнеше айда 250 мың халық қаза тапты деп сипаттады. Үкімет әскері тарапынан да, көтерілісшілер әскері тарапынан да заңбұзушылық өте көп, жер жерде азаптау кең етек жайды, жас балалар соғысқа күшпен қатыстырылды, дейді Бертранд Рамхаран. Бұл мәселе Біріккен Ұлттар Ұйымының Сиера Леонедегі халықаралық трибунал сотында тергелу керек, дейді Бертранд Рамхаран. Біріккен Ұлттар Ұйымы сонымен қоса Либерияның күні кешегі президенті Чарлз Тейлор соғыс қылмыстарын жасады, олда жауапқа тартылу керек деп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG