Accessibility links

Таяу Шығыстағы жағдай тағы қиындай түсті


Жұма күні "Хезболла" тобы Израил жерін зеңбіректермен екі сағат бойы атқылады. Нысанаға Израил, Ливан және Израил басып алған Голан жоталарының арасындағы Шебаа аймағы алынды. Бұл шабуыл өткен сенбіде Ливанда өлтірілген "Хезболла" тобының өкілі үшін кек деп аталды. АҚШ сыртқы істер министрлігі Израилге қарсы жасалған шабуылға сөгіс айтты, "Хезболла" ұйымын қолдайтын Ливан мен Сирияға наразылық танытты. Басқа бір жағдайда Израил әскері Батыс жағалаудағы Асқар босқындар қосында тінту жүргізіп, бірнеше адам құрбан болды. Қаза болғандардың екеуі - бомба шеберханасын ашқан "Хамас" тобының екі мүшесі екен. "Хамас" тобының Газа қаласындағы бас өкілі Исмаил Абу Шанаб маусым айында жарияланған оқ атпау жөніндегі келісімді Израил бірінші болып бұзды деп сипаттады: - Палестинаның шыдамы шексіз емес. Израил белден басып, адамдарымызды өлтіріп жатқанда өз тарабымыздан оқ атпау жөніндегі келісімді сақтап отыра алмаймыз. Батыс жағалаудағы Женин қаласында, сонымен қатар, Палестинаның "Әл Ақса мұхаджірлер бригадасы" деген тобы Израил әскерімен қақтығысты, топтың үш жауынгері жарақат алды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG