Accessibility links

Бостон шіркеуі өз қарамағындағы дін иелерінің айыбын жуу үшін зардап шеккендерге ақша ұсынды.


Бостон. Құрама Штаттары. Осы қаланың шіркеу орталығы өз қарамағында істейтін дін иелерінен жыныстық жапа шеккен 500-ден астам шағым иелеріне 55 миллион доллар өтемақы ұсынды деп хабарлайды Ассошайтед Пресс бүгін. Бостон бойынша 140 шіркеу қызметкеріне қарсы жыныстық салада балаларға зәбір көрсетті деген қылмыстық іс қозғалған. Дін иелері соңғы 60 жыл ішінде 1000-нан астам жас жеткіншекті жыныстық негізде қорлады делініп отыр.
XS
SM
MD
LG