Accessibility links

Жапондықтар бүгін Нагасаки қасіретін еске алды.


Нагасаки. Жапония үкімет басы Джуниширо Коіжюми бүгін Нагасакиге Америка бомбасының түскен күніне орай өткен еске алу жиынында Жапония ешқашан атом қаруын жасамайды деп мәлімдеді. 1945 жылы 9 тамыз күні Нагасакиге тасталған Америка атом бомбасынан 74 мың халық қырылды. Радиактивтік кеселге шалдыққандар саны 130000 кісі болды. Осы бомба тасталғаннан кейін араға алты күн салып Жапония Екінші Дүние жүзілік соғыста жеңілгенін мойындаған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG