Accessibility links

Мәскеуде Солтүстік Кәрейдің ядролық бағдарламасы төңірегіндегі жанжалды реттеудің жолдары бойынша бастапқы келіссөздер өтеді.


МӘСКЕУ: Осы аптаның басында Мәскеуде Солтүстік Кәрейдің ядролық бағдарламасы төңірегіндегі жанжалды реттеудің жолдары бойынша бастапқы келіссөздер өтпекші. Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Лосюковтың хабарлауынша, сейсенбі күні болатын келіссөздерге Ресей мен Солтүстік және Оңтүстік Кәрейдің өкілдері қатысады. Бастапқы жоспарға сәйкес, Мәскеудегі кеңестерден кейін, тамыз айының соңында, Қытай астанасында Оңтүстік және Солтүстік Кәрейдің, сондай-ақ АҚШ, Қытай, Ресей мен Жапония делегацияларының қатысуымен кең ауқымды келіссөздер басталмақ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG