Accessibility links

Түркия армиясының бас штаб бастығының орынбасары Ясар Буюканит түрік күштерін Ираққа жіберу керек деп мәлімдеуде.


АНКАРА: Түркия армиясының бас штаб бастығының орынбасары Ясар Буюканит түрік күштерін Ираққа жіберу керек деп мәлімдеуде. Бұл – Ирақтағы АҚШ бастаған көпұлтты күштерге Түркияның қатысуын қолдап ашық сөйлеген бірінші түрік әскери қайраткері болды. Генерал Ясар Буюканиттің атап көрсеткеніндей, осы күндері Түркия армиясы мен үкіметі аталмыш мәселе бойынша өзара келіссөздер жүргізуде. Жексенбі күні, сондай-ақ, Стамбұлда шағын солшыл партияның 100-ге жуық өкілі түрік әскерилерін Ираққа аттандыруға қарсылық білдіріп, шеру ұйымдастырды.
XS
SM
MD
LG