Accessibility links

Еуропаның көптеген мемлекетінде ауа райы ерекше қайнап тұр.


БАТЫС ЕУРОПА: Еуропаның көптеген мемлекетінде ауа райы ерекше ысып тұр. Жексенбі күні Ұлы Британияда елдің бүкіл тарихында ең жоғарғы температура тіркелді – Цельсий көрсеткіші бойынша сынап бағанасы 38 градустан да асып түсті. Германиянада да күннің ыстығы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Мюнхен қаласының маңайында термометр көрсеткіші 40,4 градусқа барып жығылды. Өрт сөндірушілер Италияның солтүстігінде және Португалия мен Испанияда күні-түні орман-тоғайлардан шыққан өртпен күресуде. Көптен бері болмаған аптап ыстық Еуропа елдерінде әлі кем дегенде 1 апта сақталады деп күтілуде. Басынан күн өтіп немесе су жетпей өлгендердің саны ұлғая түсіп, 40-қа жетті. Құрғақшылық пен ыстықтан көптеген еуропалық елдің ауыл-шаруашылығына айтарлықтай нұқсан келтірді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG