Accessibility links

Либерияда бүгін президент Чарльз Тэйлор тақтан кетіп, билікті өзінің жақтасы – вице-президент Мозес Блаға тапсырмақ.


МОНРОВИЯ: Либерияда бүгін президент Чарльз Тэйлор тақтан кетуге тиіс. Ол билік тетігін өзінің жақтасы – вице-президент Мозес Блаға бермек. Билікті тапсыру рәсіміне Оңтүстік Африка Республикасының және Мозамбик пен Гананың президенттері қатысады. Ч.Тэйлор осы аптаның ішінде өз ықтиярымен басқа елге жер аударатынын мәлімдеді. Теледидар арқылы айтқан қоштасуында Либерия президенті АҚШ-ты көтерілісшілер қозғалысын қолдады деп айыптап, елге қайта оралуға уәде берді. Көтерілісшілер елдің басым бөлігі мен ірі қалаларды басып алып қадағалауда. Қантөгіс соғыстың салдарынан Либерия осы күні қайырымдылық апатының табалдырығында тұр. Елге Батыс Африка елдерінің бітімгершіліак күштері келмек. Сондай-ақ АҚШ та елге қосалқы әскер күштерін жіберуге міндеттеніп отыр.
XS
SM
MD
LG