Accessibility links

Ауғанстандағы халықаралық бітімгершілік күштері бүгін НАТО одағының қол астына өтеді.


КАБУЛ: Ауғанстандағы халықаралық бітімгершілік күштері бүгін НАТО одағының қол астына өтеді. Осы күнге дейін бітімгершілік күштер Германия мен Голландияның басқаруында болды. Басқару құзырын беру салтанатына Ауғанстан жетекшісі Хамид Қарзай, Германияның қорғаныс министрі Петер Штрук және НАТО-ның жоғары шенді өкілдері қатыспақ. Х.Қарзай 5 мың кісілік бітімгершілік күштерінің құзырын бүкіл Ауғанстан жеріне дейін кеңейтуді талай рет ұсынды. Алайда НАТО одағы тиесілі шешім қабылдамай келді.
XS
SM
MD
LG