Accessibility links

Биыл бүкіл әлемде ауа райы ерекше ыстық болып тұр


Соңғы жылдары, әлем елдерінде, жүз жылда бір рет болатын су тасқыны, қуаңшылық, орман өрттері, муссондар болып өтті. Сонда табиғатқа не болған?

Ауа райын зерттеуші мамандардың айтуынша, мұндай күтпеген құбылысқа алдымен адамзаттың өзі де кінәлі сияқты.

Әдетте қысы жылылау, жазы қоңыр салқын болатын Европада биылғы ыстық аптабы, қапырық соңғы бір ғасырда болмаған рекордтық деңгейге жетіп отыр. Бұған дейіңгі ыстықтың жүз жылдық ең жоғарығы көрсеткіштері 1998 және 2002-жылға тура келген еді.

Сонымен ең ыстық делінген кез - өткен аптада айнала теңіз су ортасында тұрған Лондонның өзінде күндізгі температура Цельци өлшемімен 35 жарым градусқа жетсе, Парижде сәл кем 40 градус ыстық болған. Ал Американың Фаренхайтымен өлшесек тіптен ол 105 градус болар екен.

Британия университетіндегі Климатология орталығының жетекші зерттеушісі Дейвид Вайнердің айтуынша, адамзат соңғы кездері ерекше бір табиғат құбылысына душар болып отыр.

- Соңғы аптада Жер Орта теңізі және солтүстік батыс Европада болған ыстық бір ғасырлық рекордты жаңалады. Мысалы, Швейцарияда мұндай ыстық 250 жыл болмапты. Норвегияда ол деңгей соңғы рет 1925 –жылда орын алған. Аса аптапты ыстық кесірінен, Испания мен Португалиядағы ормандарды өрт шалған. Қалаларда адамдар ыстықтан қысылып , қулап түсіп, кейбіреулері қайтыс болып кеткен, - дейді зерттеуші.

Бірақ биылғы қапырықтың қызығы онымен бітпейді. Дейвид Вайнердің айтуынша:

- Үндістан, Пәкістан сықылды елдердегі өте ыстық толқын әдеттегі деңгейден, Цельций өлшемі бойынша, бес градус артық болған. Ал , артынан жаңбыр шелектеп құйып, мысалы, Үндістанда соңғы 50 жылда болмаған су тасқыны болып жатыр, - дейді Вайнер.

Ал оның келтірген зардабы алдағы кезде есептеле берер, - дейді зерттеуші.

Атлантика жағалауынан Балқан түбегіне дейін болған орман-тоғай өрттерінде 40тан астам адам опат болды. Португалия алапат өртке орай төтенше жағдай жариялады. Германияда Берлин қаласының батыс ауданындағы өрт адамдардың өз қатесінен, тіптен қылмыстық әрекетінен болып отыр, - дейді. Өрт сөндіруші бөлімнің өкілі Луц Силандтің айтуынша, бұл өрт әсіресе әскери нысаналарға қауіп төндіреді.

- Бір бұрыңғы әскери жаттығу алаңындамыз. Бұл жерде сонау 1- ші, 2-ші Дүниежүзілік соғыстарынан қалған жарылғыш заттар бар. Енді, сондай жағдайдағы өрт сөндірушінің ахуалын көз алдыңызға келтіріп көріңіші, - дейді Силанд.

Ыстықтан шыққан өрт кесірінен қираған ауыл шаруашылығы шығынын қазір шамалап айтудың өзі қиын.

Қытайдың Беңбу деген қаласында ең төзімді деген жануар түйенің өзі 39 градус ыстыққа шыдай алмай жан тәсілім етіпті.

Ғалымдарды айтуынша, ауа райына, алдымен күннен келетін энергия әсер етеді. 2-ші бір себеп, жанартау - вулқандардан атмосфераға атылған ғаз – күкірт диоксиді, шаңдар, лавалар әсер етеді. Вулқандардан шыққан газды қара тутін күн бетін жауып жерге күн сәулесін өткізбей тастауы да үлкен табиғи апат.

- Жер бетіндегі өзгерістер, айталық, мұз дәуірінен жылы заманға жеткенше он мыңдаған жыл уақыт өтеді. Оның ауа райына әсері бар. Бірақ соңғы 140 жылда болған, ауа райында кездескен мұндай құбылмалы климаттық құбылыс тарихта аса сирек кездесетін құбылыс, - дейді Вайнер.

Зерттеушінің айтуынша, әлемдік жаппай жылынуға адамзаттың өнеркәсіптегі шектен артық іс-әрекетттері тікелей себепші екендігі де енді күман туғызбайды. "Парник газы" кесірінен атмосфера былғанып ауа жыли бастады.

- Біз енді ауа райына, табиғатқа не әсер етіп жатқанын, оның себептерін біле бастадық. Бір ғана адамзаттық белсенділік іс-әрекеттен қазіргі кезде атмосфераға жыл сайын 7 млд. тонна күкірт диоксиді шығарылар екен. Оған сондай-ақ "парник газын" да қосыңыз. Ендігі әңгіме, үлкен мәселе сол тажалды қалайша тоқтату болып тур, - дейді ғалым.

Британиялық климатологтар да бұл мәселенің ұшығып тұрғандығын мойындайды. Халықаралық деңгейде ауа райы өзгерісін тоқтату жолында әрекеттер бар. Бірақ оған жалпы әлемдік қоғамдық белсенділік болмаса игі нәтиже шығуы екі талай шығар. Киото қаттамасына Ресей қол қойса ол ратификациядан өтпек. Бірақ оған өз келісімін бермей отырған АҚШтың кесірінен бұл мәселе әзірше алға жылжитын емес, - дейді Вайнер.

Дегенмен, Кито қаттамасының мәнін төмендетпегенімен оған зерттеуші жоқтан бары дұрыс деген шара сипатында қарайды.

- Киото шартын әлемдегі барлық ел орындағанның өзінде климаттық жүйеге шамалы ғана әсері болады. Оның өзіне 50- 100 жыл уақыт керек, - дейді Вайнер.

Үстіміздегі жылдың басында даниялық екі метеоролог Орталық Европа ауа райының математикалық моделін жасап , оның натижесі негізінде "Табиғат" журналында адамды алаңдатар жаңалық жазған.

Олардың болжамына қарағанда, өткен жылы, араға 100 жыл салып Чехия, Польша, және Австрияда болған алапат су тасқыны жақын жылдарда тағы да қайталануы мүмкін екен.

Ал, зерттеуші Дженс Кристенсеннің тілшімізге айтуынша, алдағы жылдарда қуаңшылық жиілей түседі.

- Европаның көп аймақтарында кейде жаңбыр не азая түседі, не жауса шелектеп құятын кездері де болады, - дейді зерттеші-метеоролог.

Кристенсеннің айтуынша, Даниялық ғалымдарының моделі бойынша, Орталық Европада қай кезде су тасқыны болары беймәлім. Бірақ ықтималды кез - қар көп еритін маусым - көктем, не жаз айлары соңына тура келуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG