Accessibility links

Ауғанстандағы ауру-сырқаулар күтімі

  • Ардақ НҰРҒАЛИ

Ауғанстандағы денсаулық сақтау жүйесі әлемдегі ең төменгілерінің бірі болып саналады. Ауғанстаның шалғайда орналасқан Гхор ауданындағы ауру-сырқаулардың ем-домы мен күтімі қандай күйде?

Ауғанстаның Гхор ауданына француз үкіметтік емес Медисина дю Монд ұйымы адамгершілік көмегін беріп жатыр.

Ауғаныстаның шалғайында жатқан Гхор ауданының молдасының айтуынша, олардың аймағының халқы үнемі елдің ең кедей бөлігі болып есептеледі.

23-жылдық соғыс барысында біз барлығынан айырылдық, - дейді бас имам Аманолла, - Соғыс басталмай тұрғанның өзінде Гхор Ауғаныстаның ең мешеу қалған ең кедей аймағы болушы еді. Бізде тас жол, мектеп, емхана жоқ болатын. Қазір жағдай одан бетер нашар күйде. Көптеген адамдар Кабул мен өзгеде жерлерге көшіп кетті. Кейбір ауылдар мүлде жойылды. Егін жинауға қажетті жұмысшы қолы жетіспейді.

Шамамен 750 мың халқы бар Гхорда не бәрі 4 орта мектеп бар. Гхорлық басым көпшілік балалардың білім алуға үмітті тым шамалы. Аманолла имамның айтуынша:

“Олардың мүмкіндіктері нөлге тең. Ең тәуір дегенің өзінде олар қыс айларында жергілікті молдадан Құранан түсінік ала алады.”

Бұндағы қалыптасқан жағдайға бір жағынан жергілікті 3 мың молда кінәлі десе болады. Олар надан халықтың көзін ашып, көмек беруден гөрі әртүрлі дұға жазылған ішірткілер мен көз моншақтар сатуды тиімдірек санайды. Молдалардың тұмарларына негізінен ауру-сырқау жандар зәру. Гхорда денсаулық сақтау саласына қол жеткізу оқу-білім алуданда төмен. Кабулден 400 шақырым батыста жатқан шаң басқан аудан орталығы Шахшаранда не бәрі 20 төсектік емханамен бар болғаны 5-ақ дәрігер қызмет жасайды.

2001-інші жылдың қарашасында француздың үкіметтік емес Медисинса дю Монд қайырымдылық ұйымының өкілдері емханаға өз мамандары мен дәрі-дәрмекпен көмек бере бастағалы бері жағдай аздап болса да оңалып келеді. Бірақ жергілікті емханада тек шұғыл хирургиялық көмек көрсетілуде. Ауғаныстаның аса діншіл аймағында халық дәрігерлік көмекке ең соңғы сәтте қайырылады. Емханаға жеткізілгендердің көпшілігі жазылмайтын күйдегі науқастар. Әсіресе әйелдердің жағдайы аянышты. Кейбіреулері босанғаннан соң бірнеше күн қандары тоқтамау себебінен емханаға жеткізіледі. Саны аз дәрігерлер оларға нақты көмек беруге дәрменсіз. Қан қоры жоқ, тіпті науқастың қаны қандай топқа жататынан анықтайтын лабораториялық құрал-жабдықтар жоқ. Ауғандық дәрігер тәуекелге барып, өз қанын бір науқасқа құйды. Ол адам солайша аман қалды. Ауғаныстаның жағдайында емхана мен дәріхана жақсы жабдықталған. Бірақ шешімін таппай отырған мәселелер шаш етектен, құрт ауруына шалдыққандарға бөлек жататын бөлме жоқ, олар дәлізге қойылған төсектерде күрк-күрк жөтелуде. Сондай-ақ, балаларға арналған бөлімде жоқ, жас сәби ересек адамдардың жаны қиналып жарық дүниеден өткенін көзімен көріп өз төсегінде өксіп жатыр. Оның денесінің басым бөлігі қазанда қайнаған суға күйіп қалған. 15 жасар Мехман Гул атты құр сүлдесі қалған қыз баланы әкесі 30 шақырым жерден арқалап алып келді, ол аштық пен сүзектен емханаға жеткізілгеннен соң көз жұмды.

Нуш Афарин Шахаб Дулати жергілікті гинеколог, ол Медисинса дю Мондтың акушеркасымен Гхорлық әйелдердің босануын жеңілдетеді. Жергілікті 4 әйел қазір акушерка мамандығын үйреніп жүр. Дулатидың айтуынша, денсаулық сақтауға жергілікті надандық пен діни рым жоралғылардың тигізіп отырған кесірі көп:

“Бұл аймақта молдалардың ықпалы басым. Жұрт бірінші кезекте соларға барады. Жағдай насырға шапқан кезде ғана олар біздің алдымызға келеді. Бұл біздің жәрдем беруді қиындатып жібереді. Олар келіп жеткен кезде тым кеш болып қалады. Мысалы, көптеген әйелдерде бала жолдасына байланысты қиыншылықтар туындайды. Бала жолдасы үш төрт күн анасының құрсағында қалып қояды. Мен өз көзіммен қағанақтың бес, алты, тіпті жеті күнге шейін қалып қойғанын көрдім. Ауылдарда денені таза сақтаудан ешқандай ұғым жоқ. Қатындардың өз іш құрлыстарынан ешқандай түсінігі жоқ”, - дейді Дулати.

Нәрестелер арасында сіреспе көп кездеседі, өйткені дәстүрлі кіндік шешелер босанған аналaрды жерге аунатып алуын талап етеді, топырақ ауыл көшесінен не қора маңынан алына салынады. Әйелдер өз балаларын жерге тигізгендігі үшін Алланың шапағатына бөленіміз деп түсінеді. Дулатидың басынан өткізген оқиғалары денені шымырлатады:

“Таяуда емханаға бір әйел әкелінді. Оның халы тым мүшкіл болатын. Ол алыста жатқан ауылдан жеткізілген. Ол босанған кезде бала теріс келген. Бірінші оның иығы шыққан. Дәстүрлі кіндік шеше баланың әкесіне сенің әйелің оны оңай босануға тым әлісіз деген. Сәбидің шыққан қолын көрген әкесі оны бар күшімен сыртқа қарай тартқан, осыдан қол үзіліп әкесінің қолында қалған. Баланың қалған денесі жатырда қалып қойған.”

Дулатидың айтуынша, сорлы әйел бұл оқиғадан кейін 4 күннен соң емханаға жеткізілді. Оның баласы шетінеп кетіп, жатыры алынуға мәжбүр болды.

Медисинса дю Монд бұл өлкеде қолынан келгенің бәрін жасап жатыр. Оның 1 миллион АҚШ долларының бюджетті 2004-інші жылға дейін жалғасын табар деген үмітте.

Бұл үшін күресу керек, - дейді аймақтық басшы Масю Тилет. Біздің мақсатымыз Ауған үкіметінің емханаларды басқаруына көмек көрсету, -дейді ол.

Бірақ Медисинса дю Мондтың өкілдері емхананы жергілікті дәрігерлерге қараша айында тастап науырызда қар ерігенде бірақ оралады. Қыс бойы жолдар омбы қар астында қалады, - дейді Тилет. Бұндай жағдайда ешқандай қауіпсіздікке кепілдеме беруге болмайды.

Медисинса дю Монд 2005-інші жылы Шахшаранға қамқорлығын тоқтатпақ, бұл кезде жергілікті акушеркалар әбден машығып болады. Бірақ Кабул жергілікті емхананы ұмытып кетеме деген үрей бар.

“Ауғаныстандағы денсаулық сақтау саласына арнайы қаржылар бөлінбек. Басты қаржы бөлуіші донорлар АҚШ, Еуроодақ және Әлемдік банк Гхорды назардан тыс қалдырмақ. Бірақ, саспаңыздар, біз бұны олардың естеріне салмақпыз”, - дейді Масю Тилет.
XS
SM
MD
LG